Шолақаңқаты – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Сырым, Теректі аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 64 км, су жиналатын алабы 1090 км2.
Бастауы Каспий ойпатының шығысындағы белесті жазықтардан бастау алып, Шалқар ауылы тұсында Шалқар көлiне құяды.
Гидрологиясы Аңғары 0,3 – 2,0 км, жатық беткейлі, сай-жыралармен тілімделген. Жайылмасы үзік-үзік, бірде сол, бірде оң жағада, ені 50 м-ге дейін жетеді. Кейде онда құрғақ ескі арналар мен көлдер кездеседі. Арнасының тереңдігі 6 – 10 м, жағасы тік жарлы. Сағасы қамысты. Өзенге Ерсарыөзек, т.б. ағындысы шағын жылғалар құяды. Көп жылдық орташа су ағымы 1,26 м3/с. Өзенде екі бөген бар. Суы шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.*«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы өзендері Санат:Теректі ауданы өзендері