Шолаққайрақты – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау және Әйтеке би аудандары жерімен ағады.
Бастауы Мұғалжар тауының солтүстік-шығысындағы бұлақтан басталып, Ұлғайсын ауылынан 10 км-дей төменде Ырғыз өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 75 км, су жиналатын алабы 765 км2. Алабы ұсақ төбелі. Аңғары жоғарғы ағысында айқын емес, төменгі ені 0,5 – 1,0 км, беткейлерінің биіктігі 15 – 30 м-ге жетеді. Жайылмасы жоғарғы бөлігінде және кейбір тар шатқалды бөліктерінде қалыптаспаған, төменгі ағысында көбінесе бір жақты, ені 50 – 300 м-ден 500 м-ге дейін жетеді. Арнасы жоғарғы ағысында сай-жыра сипатты, тек ортаңғы ағысынан бастап өзендік сипатқа келеді, ені 20 – 25 м-ден сағасына қарай 30 – 50 м-ге жетеді. Көктемде 14 – 16 күндей тасиды. Суының минералд. көктемгі кездегі 200 – 600 мг/л-ден жазға қарай 2,0 – 3,5 г/л-ге дейін өседі. Көп жылдық орташа су ағымы 0,28 м3/с. Мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Торғай су алабы Санат:Әйтеке би ауданы өзендері Санат:Хромтау ауданы өзендері