Шыжың жайылмасы, Шежін жайылмасы – Каспий маңы ойпатының солтүстігіндегі ойысты жер.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Тасқала, Ақжайық аудандарының шығысында Дүре, оңтүстігінде Балықты жайылмасына ұласады.

Жер бедері Аумағы шамамен 2000 км2-ге жуық. Саз балшықты теңіз шөгінділерінен түзілген. Жер бедері тегіс. Жалпы Сырттан келетін шыжыңның өзендері арқылы жайылып, маусым айының басында ғана тартылады. Шалғын шөп, бидайық, еркек шөп, тағы басқа өседі. Шыжың жайылмасы – шабындық саналады.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазықтары Санат:Батыс Қазақстан облысы географиясы