Үлкен Бөкен – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 184 км. Су жиналатын алабы 3450 км².

Бастауы Қалба жотасындағы Талды тауының оңтүстік беткейінен басталып, Үлгілі ауылы тұсында Бұқтырма бөгеніне құяды.

Гидрологиясы Басты салалары — Ақтасты, Бөкімбай, Жомба, Кіші Бөкен. Өзен атырабы қыратты (биіктігі 700 — 1000 м), аңғары мен арнасы шатқалды. Жауын-шашын, ішінара ыза суынан толығады. Суы жазда тұщы. Ағысы жыл бойы тартылмайды. Жылдық орташа су ағымы Сүлеймен ауылы тұсында 8,64 м³/с. Суы Ақтоған, Дәулет, т.б. каналдар арқылы егін, шабындық суаруға пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Көкпекті ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы