Міндетті сақтандыру"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том — тараптар арасындағы сақтандыру қатынастары заң талаптарына орай пайда болатын сақтандыру нысаны. Міндетті сақтандырутүрлері заңнамалық актілермен белгіленеді, ал тәртібі мен шартын үкімет заңнамалық актілерде көзделмеген шекте белгілейді. Қазақстан Республикасының “Сақтандыру туралы” заңында (1995) егінді, көп жылдық өсімдіктерді, малды, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылық өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, індеттен, басқа да дүлей апаттардан міндетті сақтандыру көзделген. Жолаушыларды сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру да сақтандырудың осы түріне жатады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актіде өкім етілген шартты талаптар негізінде шарт жасасуға міндетті және ол тек сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.Как рассчитать страховку на авто в Казахстане?
Сілтемелер Сақтандыру өтемі
Дереккөздер
Санат:Сақтандыру