Шолақтерек – ағынсыз көл.

Географилық орны Абай облысының Абай ауданындағы Қасқабұлақ ауылынан оңтүстік-шығыста 10 км жерде.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен биіктігі 405,3 м. Ауданы 15,3 км2, ұзындығы 9,0 км, ең енді жері 2,6 км, жағалауының ұзындығы 30,5 км. Қасқабұлақкөлімен бір қазаншұңқырда, су көлемі 24,9 млн. м3. Көлге оңтүстік-шығысынан көктемде ғана кішігірім ағын сулар құяды. Негізінен қар суымен толығады. Суы сорлы. Қуаңшылық жылдары суы тартылып, тұздылығы өседі. Суы мол жылдары солтүстік-батысында жатқан Тұзкөл, Қасқабұлақкөлімен бірігеді. Алабы жайылым.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) көлдері