Бомбачи Алессио (1914, Неаполь — 1979, сонда) — италиялық түркітанушы ғалым. Неаполь және Рим университеттерінің профессоры, түркі халықтарының ортағасырлық әдебиеті тарихын зерттеумен айналысқан.

Ежелгі түркілердің жазба мәдениеті және Осман сұлтандығының орта ғасырдағы классикалық поэзиясы туралы зерттеулердің авторы. Түркиядағы лингвистикалық, тарих қоғамдарының құрметті мүшесі болған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1914 жылы туғандар Санат:Непапольде туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Неапольде қайтыс болғандар Санат:Италия ғалымдары Санат:Түркітанушылар Санат:Неаполь университетінің профессорлары Санат:Рим университетінің профессорлары Санат:Түркия лингвистикалық қоғамның құрметті мүшелері Санат:Түркия тарих қоғамының құрметті мүшелері