Қараағаш – Қызылтас және Қотыртас тауларының аралығындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының солтүстік-шығысында 40 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1077 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8,5-9 км-ге созылып жатыр, енді жері 6 км шамасында.

Жер бедері Көлбеу беткейі бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Силур жүйесінің жоғарғы бөлімі жыныстарынан түзілген. Солтүстік беткейінде таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Өсімдігі Таудың бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге, қараған және т.б. бұталар өседі. Етегі жайылымдық ретінде пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары