Омбы уезі — Тобыл облысы Тобыл наменгерлігі (1782-1796), Тобыл губерниясы (1802-1822, 1838-1854, 1868), Омбы облысы (1822-1838), Сібір Қазақтарының аймағы (1854-1868) ), Ресей империясының Ақмола (Омбы) облысы (1868-1919 жж.); КСРО РКФСР Омбы губерниясы (1919-1925) құрамында болған әкімшілік-аумақтық бірлік.

Уез орталығы — Омбы қаласы (1782-1924), Жаңа Омбы қаласы (1924-1925).

Халқы Омбы уезін Орта жүздің найман, керей, қыпшақ тайпаларының рулары мекендеді, 1908 жылғы шаруашылық есеп бойынша халқы 145775 адам (қазақтар 44885, казак-орыстар 17022, қоныс аударған орыс шаруалары 83868) болды. Тарихы

Омбы уезіне Алабота (48 ауыл), Қызылқақ (124 ауыл), Жеке (87 ауыл), Омбы (136 ауыл), Қорған (103 ауыл), Николаевск (207 ауыл) және Покровск (80 ауыл) болыстары қарады. Омбы қаласы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін уезбен қатар Дала генерал-губернаторлығы мен Ақмола облысының орталығы болды.

Дереккөздер

Санат:1868 жылы пайда болғандар Санат:Ақмола облысы уездері Санат:Омбы губерниясы уездері Санат:Тобыл губерниясы уездері Санат:Омбы облысы тарихы Санат:1925 жылы жойылғандар