Қараағаш – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі түбек.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал темір жол айрығының шығысында орналасқан.

Сипаты Ең биік жері 380 м шамасында. Жер бедеріне төрттік кезеңінің ойпатты денудациялық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті батыстан шығысқа қарай еңістенген. Солтүстік-батысында Ақкірме шығанағы, солтүстігінде Тайсойған, солтүстік-шығысында Ортаарал, Аяқарал аралдары орналасқан.

Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, т.б. өседі. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Балқаш көлі түбектері Санат:Жамбыл облысы географиясы