Ілияс Нұркенов (1905, қазіргі Сырдария ауданы Амангелді ауылы – 1944) – жауынгер ақын.
Өмірбаяны Ауылдық мектептен сауатын ашып, кейін Қызылорда сауда техникумын бітірген. Түркістан, Тереңөзек (қазіргі Сырдария), Жалағаш аудандарының сауда орындарында басшы қызметтер атқарған.
Шығармалары 2-дүниежүзілік соғыста оқ пен оттың арасында жүріп, туған-туысқа, туған жерге, елге деген ыстық ықылас, асыл арманын білдіретін өлеңдер: «Қоштасу» «Аттану» «Түс» «Балаларыма хат», т.б. жазған. Нұркеновтің «Мәди дихан» «Ағайша» «Туған жер»'' атты дастандары бар. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1905 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Қазақстан ақындары