Соналы – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Қорғалжын және Қарағанды облысы Нұра аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 106 км, су алабы 334 км2.
Бастауы Өзен бастауын Қазығұрт, Амантау, Ырғай тауларының беткейіндегі бұлақтардан алып, Соналы елді мекенінен 10 км-дей төменде Құланөтпес өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жазда өзен иірімдерге бөлініп қалады. Сағасының тұсындағы жылдық орташа су ағымы 0,32 м3/с-ке тең.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қорғалжын ауданы өзендері Санат:Нұра ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы