Мимоза (Mіmosa) – Бұршақ тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын мәңгі жасыл бұталар. Ағаш, шырмауық, көп жылдық шөп түрінде кездесетін түрлері де бар. Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтарда өседі. Дүние жүзінде 400 – 500-дей түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі: ұялшақ мимоза – қолдан өсіріледі. Оның биіктігі 0,5 – 1 метрдей. Жапырағы күрделі құрылысты, оған қол тиіп кетсе, шыбын - шіркей қонса және қараңғы түскенде жиырылып, бір-біріне қабысып қалады. Өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған. Гүлі ұсақ, қызғылт түсті, олар масақ гүлшоғырына топталған. Ақпан – наурыз айларында гүлдейді. Жемісі – бұршақ. Мимозаны әсемдік үшін өсіреді, қабығынан бояу алынады.Қазақ энциклопедиясы, 6 том
Сілтемелер Бұршақ Ағаш Шырмауық Дереккөздер
Санат:Ағаштар Санат:Бұршақтар тұқымдасы
be:Мімоза bg:Мимоза bn:লজ্জাবতী de:Mimosen en:Mimosa es:Mimosa (planta) fi:Mimosat fr:Mimosa hr:Mimoza it:Mimosa (Fabaceae) ka:მიმოზა ko:미모사속 lt:Mimoza nah:Huixachin pl:Mimoza pt:Mimosa (género) sv:Sensitivasläktet vi:Chi Trinh nữ