Орлы — Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы ауыл, Орлы ауылдық округінің орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Құрманғазы ауылынан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан.
Тарихы Ауыл 1962 – 96 ж. етті ірі қара мал өсіретін кеңшардың орталығы болған. Кеңшар негізінде Орлыда және округке қарасты Каспий және Шестой ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауыл арқылы Атырау – Ганюшкин – Астрахан (Ресей) автомобиль жолы өтеді.
Халқы 1989 жылы елді мекенде 1541 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 1818 адам (913 ер адам және 905 әйел адам) болса, 2009 жылы 1838 адамды (933 ер адам және 905 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2113 адамды (1115 ер адам және 998 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Әлеуметтік және мәдени нысандары Н.С.Манаев атындағы орта мектеп — Алғашқыда Бостандық, Молотов, Макаренко, Орлы орта мектебі болып аталды.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7 «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы "Өнерпаз“ ауылдық мәдениет үйі
Ауыл көшелері Бақыт Қарабалина көшесі Достық көшесі Жұмекен Нәжімеденов көшесі Қайырлы Құрманғалиев көшесі Құлагер көшесі Мұқат Мұсаев көшесі Нұғыман Манаев көшесі Тәуелсіздік көшесі Хиуаз Доспанова көшесі
Галерея
Дереккөздер
Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері