Чароит (Ресейдің Шығыс бөлігіндегі Чара өзенінің алабынан табылуына орай аталған) — қабатты силикаттар тобына жататын минерал. Хим. формуласы: K(Ca,Na)2Sі4O10 (F,OH)•H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады, кристалдары қысқа бағаналы, агрегаттары тығыз, түйіршікті болып келеді. Түсі күлгін, күлгін қоңыр, кейде ала, әйнекше жарқырайды. Қатт. Моос шкаласы бойынша 6, тығызд. 2,54 г/см³. Табиғатта калийге бай сілтілі интрузиялардың карбонатты тау жыныстары мәрмәртастармен жанасқан жерінде пайда болатын метасоматиттерде кездеседі. Кенорны Алдан өз-нің тармағы саналатын Чара өз-нің орт. телімінде ғана орналасқан. Чароит асыл тас ретінде көп қолданылады.

Дереккөздер

Санат:Тау жыныстары Санат:кальций минералдары Санат:Натрий минералдары Санат:Калий минералдары Санат:Силикат минералдар