Қор сыйымдылығы"Қазақ энциклопедиясы", VI-томС. Құлпыбаев– өндірістік негізгі қорлардың (негізгі капиталдың) өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы құны. Қор сыйымдылығы орташа жылдық есептеуде де, жылдың аяғындағы жағдайы бойынша да өндірістік негізгі қорлардың баланстық құны бойынша есептеледі. Бұл орайда макродеңгейде жалпы ішкі өнім және өндірілген ұлттық табыс туралы деректер, ал салалар деңгейінде жалпы, тауар және таза өнім туралы деректер пайдаланылады. Өнімнің қор сыйымдылығы тікелей және толық сыйымдылық түрлеріне бөлінеді. Қор сыйымдылығы– негізгі қорлардың пайдаланылуы тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Пайдаланған әдебиетттер</span>
Санат:Экономика Аблаев Бауыржан