Серік Оңғарбаев Әнуарұлы (29.11.1954 ж.туған, Шымкент қаласында ) – дзюдо және самбо күресінен КСРО-ның спорт шебері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Дзюдо күресінен олимпиада дәрежесіндегі төреші. Азия кеңесінің директоры. Б.Донбай, М.Қыпшақбаев, И.Баглаев секілді көптеген халықар. дәрежедегі спорт шеберлерін тәрбиелеген. Дене тәрбиесі мен спортқа қосқан үлесі үшін құрмет белгісімен марапатталған. Қазіргі кезде облыстық туризм және спорт департаментінің бастығы.

Дереккөздер "Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

Санат:Қазақстан дзюдошылары Санат:Қазақстан самбошылары Санат:1954 жылы туғандар