Алтынбек Абдуллаев (1932 жылы қазіргі Түркістан облысы, Келес ауданы, Көлтоған ауылы) – Социалистік Еңбек Ері (1966), мақташы. 1955 жылдан Чапаев атындағы мақта кеңшарында механизатор, ал 1963 жылдан звено жетекшісі болды. Ол облыста ең арзан мақта өндіріп, жоғары көрсеткіштерге жетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 ж. 30 сәуірдегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Мақта егісін кешенді механикаландырып, оған агротехниканың жаңа әдістерін енгізді. Қазір құрметті демалыста.
Жеке өмірі Қаңлы тайпасы, Сары қаңлы руы, Миям тармағынан шыққан.
Санат:1932 жылы туғандар Санат:Шардара ауданында туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері