Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат немесе белгілі бір ұйым.

Тұтынушылардың негізгі құқықтары: негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы; адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы; өзі сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы; монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, нақты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы; өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын ескеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы; сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқығы; тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.

Дереккөздер

Санат:Құқық Санат:Қоғам

Тағы қараңыз Тұтынушы