Курил аралдары — Охота теңізі мен Тынық мұхит аралығындағы аралдар тізбегі. Ресей Федерациясының Сахалин облысы аумағында, Камчатка түбегіндегі Лопатка мүйісінен Хоккайдо аралына дейін 1200 км-ге созылған. Біршама ірі 36 және 20-дан астам ұсақ аралдардан, көптеген жартастардан тұрады. Жалпы ауданы 15,6 мың км². Курил аралдары – Үлкен және Кіші Курил қырқаларының су бетіне шығып жатқан бөлігі. Кіші Курил қырқасы Тынық мұхиттағы Витязь су асты жотасына ұласады. Үлкен Курил қырқасының аралдары, негізінен, жанартау әрекетінен пайда болған. Әр арал жеке жанартаудан, немесе табандары бір-бірімен тұтасып кететін жанартаулар тізбегінен тұрады. Орташа биіктігі 500-1000 м. Ең биік жері – Атласов аралындағы Алаид жанартауы (2339 м). Кіші Курил қырқасының аралдары аласа. Курил аралдарында 160-қа тарта жанартау бар, оның 38-і әрекетті. Жиі қайталайтын зілзалалар аса биік жойқын толқындарды – цунамиді туғызады. Климаты муссондық, қоңыржай салқын. Ең суық ақпан айының орташа температурасы –7°С. Тамыздың орташа температурасы солтүстікте 10°С-тан оңтүстікте 17°С-қа дейін, жылдық жауын-шашын 600–1000 мм аралығында. Өзендерінің суы мол, көлдері көп. Солтүстікте тау тундрасы және жатаған самырсын мен қандыағаш бұталары таралған. Оңтүстік аралдарда бамбук тоғайлары, аралас және жалпақ жапырақты ормандар өседі. Балық аулау кәсіпшілігі, балық өндеу өнеркәсібі бар. Кунашир аралында қорық орналасқан. Басты елді мекендері: Курильск, Солтүстік Курильск. Жапония мемлекеті оңтүстіктегі 4 аралға (Итуруп, Кунашир, Шикотан және Хабомаи) иелікке таласуда. Өйткені, бұл аралдарды КСРО мемлекеті 1945 ж. өзіне күшпен қосып алған.

Курил аралдарының тізімі

АтауыАуданы, км²Максималды биіктігі, мЕндікБойлықҮлкен Курил тізбегіСолтүстік топ Атласов 150 2339 50°52' 155°34' Шумшу 388 189 50°45' 156°21' Парамушир 2053 1816 50°23' 155°41' Анциферов 7 747 50°12' 154°59' Маканруши 49 1169 49°46' 154°26' Онекотан 425 1324 49°27' 154°46' Харимкотан 68 1157 49°07' 154°32' Чиринкотан 6 724 48°59' 153°29' Экарма 30 1170 48°57' 153°57' Шиашкотан 122 934 48°49' 154°06'Ораңғы топ Райкоке 4,6 551 48°17' 153°15' Матуа 52 1446 48°05' 153°13' Расшуа 67 948 47°45' 153°01' Ушишир 5 388 — — Рыпонкича 1,3 121 47°32' 152°50' Янкича 3,7 388 47°31' 152°49' Кетой 73 1166 47°20' 152°31' Симушир 353 1539 46°58' 152°00' Броутон 7 800 46°43' 150°44' Чёрные Братья 37 749 — — Чирпой 21 691 46°30' 150°55' Брат-Чирпоев 16 749 46°28' 150°50'Оңтүстік топ Уруп 1450 1426 45°54' 149°59' Итуруп 3318,8 1634 45°00' 147°53' Кунашир 1495,24 1819 44°05' 145°59'Кіші Куриль тізбегі Шикотан 264,13 412 43°48' 146°45' Полонский 11,57 16 43°38' 146°19' Жасыл 58,72 24 43°30' 146°08' Танфильев 12,92 15 43°26' 145°55' Юрий 10,32 44 43°25' 146°04' Анучин 2,35 33 43°22' 146°00'

Сыртқы сілтемелер География Курильских островов Южные Курилы, Итуруп и Кунашир Н. А. Гвоздецкий, Н. И. Михайлов. Курильские острова. Физическая география СССР. М., 1978.

*