Шеруші руы — Орта Жүздегі алты арыстың бірі Керейдің Абақ тайпасынан тарайды. Керейдің мол руыларының бірі Шеруші руы болып саналады.

Шеруші руын құрайтын рулар Төлек, Саңырау, Құрман, Ұзынмылтық, Бақат, Ожық, Шапас деген жеті руға бөлініп "Жеті шеруші" аталады.

Шерушілер Алтай тауларында (Қытай және Моңғолияда) қоныстанған. Тағы бір үлкен тобы Тарбағатай аймағы толы ауданына қоныстанған, Санжы облысына қарасты Жемсары, Шонжы аудандары мен Құмыл аймағының Баркөл ауданына қоныстанған.

Ұраны — Байтайлақ, Жәнібек. Таңбасы — Керейдің абақ таңбасын пайдаланады. Жеті шерушінің үшеуінде де жеке-жеке таңбасы бар. Олар Төлектің таңбасы "құсбегі", Ұзынмылтықтың таңбасы "балға" Саңыраумен құрманың таңбасы бірдей "арқар" деп аталады.

Тұлғалар Дәлелхан Сүгірбайұлы Байтайлақ батыр Бәйімбетұлы Ақтай би Бозтай би Дәркен батыр Мәңгене батыр

Санат:Орта жүз Санат:Керей Санат:Абақ Керей