Эро (, ) — Францияның оңтүстігіндегі департамент, Лангедок-Руссильон аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 34. Әкімшілік орталығы — Монпелье. Халық саны 896,4 мың адам (департаменттер арасында 22-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы Жер аумағы 6101 км². Департамент арқылы Од, Орб, Эро, Видурль өзендері ағып өтеді. Солтүстігінде Севенна тау жүйесі орналасқан.
Департамент 3 округ, 49 кантон және 343 коммунаны қосады. thumb|300 px|left|3 округі
Тарихы Эро — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Лангедок провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Эро өзенінен шыққан.
Сілтемелер
Prefecture website (in French) Conseil Général website (in French) http://www.canal-du-midi.org/accueil/patrimoine.htm (in French)
Тағы қараңыз Эро департаментінің коммуналары
*