Лозе́р (, ) — Францияның оңтүстігіндегі департамент, Лангедок-Руссильон аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 48. Әкімшілік орталығы — Манд. Халық саны 73,5 мың адам (департаменттер арасында 100-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы Жер аумағы 5167 км². Департамент арқылы Ло, Тарн өзендері ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 2 округ, 25 кантон және 185 коммунаны қосады.

Тарихы Лозер — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Лангедок провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Лозер тауынан шыққан.

Сілтемелер Prefecture website (in French) Conseil Général website (in French) Cévennes Park website (in French) Tourisme — Official site

Тағы қараңыз Лозер департаментінің коммуналары

*