Майенн () — Францияның батысындағы департамент, Пеи-де-ла-Луар аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 53. Әкімшілік орталығы — Лаваль. Халық саны 285,3 мың адам (департаменттер арасында 77-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы Жер аумағы 5175 км². Департамент арқылы Майенн өзені ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 3 округ, 32 кантон және 261 коммунаны қосады.

Тарихы Майенн — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Мэн провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Майенн өзенінен шыққан.

Сілтемелер Prefecture website (in French) Conseil Général website (in French) http://www.lamayenne.fr/?SectionId=44 (in French)

Тағы қараңыз Майенн‎ департаментінің коммуналары

*