Жоғарғы Савойя (, ) — Францияның щығысындағы департамент, Рона-Альпі аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 74. Әкімшілік орталығы — Анси. Халық саны 631,7 мың адам (департаменттер арасында 33-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы Жер аумағы 4388 км². Департамент Альпі тауларында орналасқан және Италия, Швейцария елдерімен шектеседі. Мұнда Монблан тауы мен Анси көлі бар. Және өзінің минералды туымен танымал Эвиан қаласы орналасқан. Тағы бір назар аударарлық орны — әлемдегі тереңдңгң жөнінен екінші орын алатын Gouffre Mirolda үңгірі, оның тереңдігі — 1733 м.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 4 округ, 34 кантон және 294 коммунаны қосады.
Округтері: Анси (Annecy) Бонвиль (Bonneville) Сен-Жюльен-ан-Женевуа (Saint-Julien-en-Genevois) Тонон-ле-Бен (Thonon-les-Bains)
Халқы Тұрғындарының көпшілігі - француздар. Және көбісі католиктер.
Тарихы XIX ғасырдың ортасында Савойя жері Савойя герцогтық династиясына тиесілі болған. 1860 ж. наурызда ол Францияға қосылды.
Тағы қараңыз Жоғарғы Савойя департаментінің коммуналары
Сілтемелер Префектура Генеральный совет (орган местного самоуправления департамента) Официальный сайт туристической организации Верхней Савойи
*