Мұсылманға тәкәппарлыққа әкелетін киім киюге тыйым салынған. Сол сияқты, қоршаған қауымнан өзгеше киімді киюге тыйым салынған. Адамдардан өзгешелену үшін киім киюге болмайды, мейлі ол киім қымбат болсын, арзан болсын, басқа адамдардыкіне ұқсаса да, ұқсамаса да, себебі бұл тәкәппарлыққа апарады«Нәйл әл-аутар» (2/94), Имам әш-Шәукани. Оған қоса мұсылманнаң киімі кәпірлердің киіміне ұқсамауы керек, денеге жабысып тұрмауы керек және мөлдір болмауы керек.
Әйел киім үлгісі
300px|thumb|left|Әлемдегі хиджабтың жағдайы:Қызыл: рұқсат етілмеген (мемлекеттік мекемелер/оқу орындары)Сары: кейбір әйелдер киедіАқшыл жасыл: әйелдердің біразы киедіОрташа жасыл: әйелдердің көбісі киедіҚою жасыл: заң бойынша міндеттелген Хиджаб — әйелдің бүкіл денесі мен әшекейлерін бөтен ер кісілердің көзінен жасыру. Шариғат бойынша иман келтірген қыздар мен әйелдерге бөтен ер кісілерден жүздері мен қолдарын, онымен қоса бүкіл денесін және құлақ, қол, мойын, омырау, аяққа тағатын әшекейлерін толық жабу парыз етілген«Хиджаб немесе адамгершілік құндылықтарын қорғау» .
Хиджаб шарттары Жамылғыш әйел кісінің ішкі киімдері мен дене мүшелері сыртынан көрініп тұратындай жұқа болмауы тиіс; Жамылғышты әйел кісі басынан бастап жамылғаны жөн, осылай жамылу Құранда Аллаһ Тағала бұйырған «жилбабын жамылсын!» яғни «жамылғышты әйелдер басынан бастап жамылсын!» — деген бұйрыққа сай келеді; Жамылғыштың матасы сыртынан қарағанда көз тартатын, яғни адамдарды өзіне қарататындай, немесе қызықтыратындай түсте болмауы керек;
Хиджаб киюге Құран мен Сүннеттен дәлелдер 150px|thumb|right|Хиджабтың бетті толықтай жабатын түрін (бурқа) киген Ауғанстандық әйел
Айша (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:
Ер адамның киім үлгісі Ер адамдардың әуреті кіндігінен бастап тізелеріне шейін, яғни бұл жерлерді киіммен жауып, бөгде адамдарға көрсетуге болмайды«Намаздың шарттары, оның рүкіндері мен уәжіптері», Мұхаммед ибн Абдуль-Уәһһаб. Күң әйелдердің де әуретінің шегі осы.
Дереккөздер
Санат:Исламдағы киім әдебі Санат:Ислам мәдениеті