Түмен облысы () — Ресей Федерациясындағы әкімшілік субъект, Орал федералды округінің құрамына кіреді. Әкімшілік орталығы — Түмен қаласы.

Облыстың әкімшілік юрисдикциясы екі автономиялық округке (Ханты-Манси және Ямал-Ненец) тиісті. Түмен облысы (округтерді қосқанда) Ресей субъектілерінің ішінде жер аумағы бойынша 3 орында.

Қорған, Свердловск, Омбы, Томск облыстарымен, Ненец автономиялық округімен, Коми Республикасымен, Красноярск өлкесімен, Пермь өлкесімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысымен шектеседі; Шекарасы солтүстігінде Солтүстік мұзды мұхитынан оңтүстігінде мемлекеттік шекараға дейін созылып жатқан Ресейдің жалғыз аймағы (автономиялық округтерін қосқанда).

Тарихы

Халқы 2012 жылдың 1 қаңтарындағы Ресей мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша Түмен облысының халқы (Ханты-Манси автономиялық округі мен Ямал-Ненец автономиялық округін қоса есептегенде) 3 459 438 адамды құрайды. Оның ішінде қала халқы —  2 721 925 адам (78,68 %). (xls)

Облыстың төменгі бөлігінде (Ханты-Манси автономиялық округі мен Ямал-Ненец автономиялық округін есептемегенде) 1 361 642 адам мекендейді, қала халқы 835 184 адамды құрайды (61,34 %).

2010 жылғы бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша облыстың (ХМАО және ЯНАО қоса есептегенде) ұлттық құрамы төмендегідей болды. Халық Саны 2010 жылда, адам* Орыстар 2 352 063Татарлар 239 995Украиндар 157 296Башқұрттар 46 405Әзербайжандар 43 610Ненецтер 31 621Ханты 29 277Чуваштар 25 690Белорустар 25 648Немістер 20 723Қазақтар 19 146Құмықтар 18 668Молдовандар 15 806Армяндар 15 542Мансилер 11 614Селькуптар 2 065Эвенкілер 87

Дереккөздер

Тағы қараңыз Түмен

Санат:Ресей облыстары Санат:Түмен облысы