Аққала (1993 ж. дейін Горы) — Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Жайық өзенінің оң жағасында, аудан орталығы Индербор кентінен солтүстікке қарай 5 шақырым жерде орналасқан.

Халқы 1989 жылы елді мекенде 679 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы тұрғындар саны 733 адам (380 ер адам және 353 әйел адам) болса, 2009 жылы 825 адамды (411 ер адам және 414 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ бойынша 861 адамды (433 ер адам және 428 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Мәдени-әлеуметтік мекемелері Аққала орта мектебі — 1923 жылы ұйымдастырылып, ол мектеп бастауыш орыс мектебі болған. Кейін аралас жеті жылдық мектеп болып қайта құрылған. 1990-1991 жылғы оқу жылында Горы орта мектебіне айналдырылып, 1993 жылы Аққала орта мектебі деп аталды.Аққала орта мектебінің қысқаша тарихы 2017 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.

Ауыл көшелері Есмұрат Құсусанов көшесі Жұмажан Сағындықов көшесі Иван Махорин көшесі Қабдол Жұмалиев көшесі Қосжан Есқалиев көшесі Нығмет Құлбаев көшесі (№1 көше) Орайхан Құспанғалиев көшесі Тілеген Жылысов көшесі

нобай|орта|1200px|Ауыл панорамасы Дереккөздер

Санат:Индер ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері