Әбул-Асуад Залим ибн Амр ибн Суфйан әд-Ду′али әл-Кинани (, шамамен 688 жылы өлген) — табиғиндер ұрпағының ғалымы, фақиһ, ақын. Мұхаммед пайғамбардың кезінде Ислам қабылдаған, бірақ оны көрмеген, сондықтан сахаба саналмайды. Халифа Әли ибн Әбу Талибтың ізбасар шәкірті. Наху (араб тілі емлесі) ғылымының негізін салушы атасы, араб әріптерінің дыбысталуын білдіретін нүктелерді енгізген және Құранның әріптеріне харакаттарды қойған адам саналады. Әлидің халифалығы кезінде Басраның әмірі болып тағайындалыған, онымен бірге Сыффин шайқасы мен Түйелер шайқасына қатысқан.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Әли ибн Әбу Талиб Наху Араб тілі

Санат:Ислам тұлғалары Санат:Тілтанушылар Санат:Араб тілі