Қанатбек Шағатаев (1967 жылы туған, Кентау қаласы) – боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Алғашқы бапкерлері К.Нәдірқұлов және Қ.Мырзақұлов, кейіннен Н.Сафиуллиннің жетекшілігімен жаттыққан. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унверситетін бітірген (1993). Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1991, Мәскеу), Әлем кубогінің күміс жүлдегері (1994, Бангкок, Тайланд), 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994, Хиросима, Жапония), Азия чемпионы (1994, Тегеран, Иран). Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы."Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1967 жылы туғандар Санат:Түркістан облысында туғандар Санат:Қазақстан боксшылары Санат:Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Санат:Қазақстан чемпиондары Санат:КСРО спартакиадасының чемпиондары Санат:Әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері Санат:Бокстан Азия чемпиондары Санат:Қазақстанның Азия ойындары чемпиондары Санат:Бокстан Азия ойындары чемпиондары Санат:Алфавит бойынша боксшылар