Араб мифологиясы дегеніміз араб халқының ежелгі, Исламға дейінгі наным-сенімдері. Ислам діні келгенге дейін Меккедегі Қағба ғимаратының іші-сырты жын-шайтандардың, жартылай құдайлардың, тайпа құдайшықтарының және арабтардың политеисттік мәдениетінің басқа да құдайларымен толы болды. Исламға дейінгі құдайшықтардың көбісінің сипаттамасы пұттарға барып тіреледі, әсіресе Қағбаның қасындағы пұттарға. Олардың саны 360-қа жуық болған.

Құдайлар Һубал () — арабтардың ең басты құдайшықтарының бірі. Оң қолы кесіліп, оның орнына алтын қол орнатылған адам кейіпіндегі пұтThe Book of Idols (Kitāb al-Asnām) by Hishām Ibn al-Kalbī. әл-Лат әл-Узза Манат Манаф () Уәдд Амм () Талаб () Зул-Халаса () әл-Қаум () Зуш-Шара ()

Ғажайып мақұлықтар Жындар. Жақсы және жаман болуы мүмкін өзінің қалауы бар ғажайып мақұлық. Зұлым жындар адамдарды тура жолдан тайдырады деп есептелінеді. Марид. Ифрит.

Құбыжықтар. Наснас () — «жартылай адам; жарты басты, жарты денелі, бір қолы және бір аяғы бар, жылдам секіріп жүретін құбыжық». Шикк деген шайтан мен адамның ұрпағы саналадыRobert Irwin The Arabian Nights: a Companion (Penguin, 1994). Қанішер (, ғул) — адам жоқ жерлерде гиена кейпінде өмір сүретін шайтан саналады. Баһамут () — кейде бегемот немесе пілдің басы бар деп сипатталатын жерді тіреп тұратын алып балық. Сілтемелер

Тағы да қараңыз Құранда аталған пұттар Араб мәдениеті Политеизм

Санат:Мифология Санат:Аңыздар