Әжіхан ЕсқараевҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1965), мақташы, ауыл шаруашылығы озаты. 15 маусым 1937 жылы Шымкент облысы(қазіргі Түркістан облысы), Шардара ауданы, Шардара ауылында туған.

Еңбек жолдары 1953 жылы Шымкент облысы(қазіргі Түркістан облысы), Киров ауданындағы "Қызылту" колхозында тракторшы болып істеді. 1964 жылдан КОКП мүшесі. 1967 жылдан осы ауданның 20-партсъезд атындағы совхозында мақта бригадасының бригадирі болды. 1979 жылы оның бригадасы мақта алқабының әр га-нан 51 ц-ден мақта жинады. 8-сайланған КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.

Марапаттары 2 рет Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері(1965) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары