Анатолий Родионович Никулин (1912-1983)ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1957), алғашқы тыңгерлердің бірі. 11 шілде 1912 жылы Ресейдің Ставрополь аймағы, Красная Поляна қаласында туған.

Еңбек жолдары 1931 жылы Ташкент ауыл шаруашылығы техникумын бітірді. 1931-1937 жылдар - Жамбыл облысы, "Мерке" қой совхозында агроном, "Луговой" қой совхозында бас агроном, директордың орынбасары, Луговой МТС-нде бас агроном, Луговой ауданы жер бөлімі бастығы, Жамбыл облысы жер бөлімі бастығының 1-орынбасары. 1947-1955 жылдар - Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімдері басқармасы бастығының орынбасары, Ақмола облысы Макин аудандық партия комитетінің 1-секретары, Ақмола облысы партия комитеті совхоздар бөлімінің меңгерушісі. 1955-1965 жылдар - Есіл аудандық партия комитетінің 1-секретары, Целиноград облысы аткомы председателінің 1-орынбасары. 1965-1973 жылдар - Көкшетау облысы аткомының председателі. 1973-1982 жылдар - ҚазССР Министрлер Советінің Мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комитеті председателінің орынбасары.

Жетістіктері 1962-1976 жылдары аралығында Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды. 5-сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. 4-8 сайлауда - Қазақстан ССР Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Қызыл Жұлдыз ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1957) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері