Ербол Мүсінұлы Абайделдинов – з.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі.Заң факультеті

Білімі, ғылыми атағы мен дәрежесі 1985 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, филология факультеті; 1997 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультеті; 2002 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің докторантурасы.

Еңбек жолы 1985-1993 жж. Ғылыми және оқытушылық қызметте: С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де аспирант, орта мектеп оқытушысы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы; 1993-2004 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты; 2004 ж., 2006-2007 жж. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының аппараты; 2005-2006 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі; 2007-2008 жж. Қазақстан Республикасының Жоғары Соты жанындағы сот әкімшілігі комитеті; 2008 жыл мен қазіргі уақытқа дейін – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қызмет етіп келеді.

Ғылыми және кәсіби қауымдастықтарға мүшелік ету «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. Құқықтану сериясы» журналының редакциялық кеңесінің мүшесі; Қазақстан Республикасының Жоғары Соты жанындағы Ғылыми- консультациялық кеңесінің мүшесі; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссиясының Сарапшы-консультациялық кеңесінің мүшесі; «Нұр Отан» ХДП жанындағы Құқықтық кеңес мүшесі; ТМД Желілік университеті асында «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы атынан ТМД елдерінің үйлестіруші тобының мүшесі; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Ресей халықтар достығы университеті (РХДУ, Мәскеу қ.) арасындағы келісім-шартқа сәйкес, магистрлерге қос дипломды білім беру шеңберінде «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша үйлестіру тобының мүшесі; Түркі әлемі заңгерлерінің Халықаралық Қауымдастығының мүшесі; Е.М. Абайделдинов ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2010» мемлекеттік грантының иегері болып табылады.[http://www.enu.kz/ru/lica-enu/abaydeldinov-erbol-musinovich/

Марапаттары мен жетістіктері 2006 жылы «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» медалі; 2009 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Дереккөздер

Санат:Еуразиялық ұлттық университеті қызметкерлері