Брокгауз энциклопедиясы () — XIX ғасырдың басынан бастап басылып шығарыла бастаған немістің көптомды әмбебап энциклопедиясы. Әр жылдары әртүрлі атаулармен шыққанына қарамастан, жалпы ресми емес атауы сол қалпында сақталған — «Брокгауз». Энциклопедия Фридрих Арнольд Брокгауз негізін қалаған «F. A. Brockhaus» (артынан — «Bibliographisches Institut & F. A. Brockhaus AG») баспа үйімен шығарылады.
Бұл энциклопедияның ең басты ерекшеліктерінің бірі — оған көбінесе жалпы шолушы мақалалар емес, анықтама-мақалалар тән. Бұл жәйт стандартты энциклопедия шығарылымына 200—300 мың мақала сыйдыруға мүмкіндік берді.
Брокгауз энциклопедиясы «Майердің Энциклопедиялық Лексиконы» () 1984 жылы, «Пирердің әмбебап Лексиконы» () XIX ғасырдың соңында және «Гердердің энциклопедиялық Лексиконы» () 1960-шы жылдары шығарылуы тоқтатылғаннан кейін, неміс тіліндегі әлемдік деңгейдегі 4 әмбебап энциклопедияның соңғысы болып табылады.
Пайда болу тарихы Энциклопедияның тарихы 1796 жылы Лейпциг қаласында доктор «Қазіргі заманға керемет көңіл бөлінген энциклопедиялық сөздігі» () шыққан кезден басталады. Бұл «Сөздікке» географиялық және тарихи тақырыптар туралы мақлалар, өмірбаяндар, мифология, философия, жаратылыстану және т.б. бойынша мақалалар кірді. 1—4 томдары (A-дан R-ға дейін; «Leipzig: F. A. Leupold» баспасы) 1796—1800 жылдары шықты, 5-ші томы («Leipzig: J. C. Werther» баспасы) 1806 жылы шықты.
1808 жылы Ф.А. Брокгауз банкротқа ұшыраған баспашыдан 1800 талер бағасына «Сөздікті» басып шығару құқығын сатып алады да, бастапқы жоспарланған 6 томға екі том қосымшаларды кіріктіріп, 1811 жылы оның шығарылуын аяқтайды (бірінші том — «Amsterdam: F. A. Brockhaus» басылымы; екіншісі — «Leipzig: F. A. Brockhaus» басылымы). Соңғы, алтыншы, томның редакторы ретінде Кристиан Вильгельм Франке () шақырылдыБританика энциклопедиясындағы «Encyclopaedia» мақаласы, 11-і басылым. .. Бұл ісінің маңыздылығын түсінген Брокгауз, сәйкес өзгерістер мен қосымшалармен, өзіне энциклопедияның редакторы рөлін алып, 1812 жылы энциклопедияның 10-томдық екінші басылымына кірістіБрокгауз, Фридрих Арнольд // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.. Бұл екінші басылым жалпақ жұртқа танымал болып, мойындалдыБританика энциклопедиясындағы «Friedrich Arnold Brockhaus» мақаласы, 11-і басылым. ..
Дереккөздер
Тағы қараңыз Үлкен кеңес энциклопедиясы Брокгауз бен Ефрон энциклопедиялық сөздігі Британ энциклопедиясы Ираника энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер Брокгауз баспа үйінің ресми сайтындағы Брокгауз энциклопедиясының 21-ші басылымы
Санат:Энциклопедиялар