Аффогато () — негізінде кофе бар десерт.

Десерт әдетте үстіне бір порция ыстық эспрессо құйылған ванильді балмұздақтан дайындалады. Десерттің өзге де түрлері бар. Мысалы, десертке амаретто немесе басқа да ликёр түрлерін қосып дайындайды.

Аффогатоны қасықпен жейді. Сондай-ақ құрамына жаңғақ балмұздағы, какао ұнтағы, кілегей және ерітілген шоколад қосылған рецепттер бар.

Тағы қараңыз Латте макиато Капучино Эспрессо

Дереккөздер

Санат:Кофе Санат:Десерт Санат:Итальян асханасы