Нэйтан Филлион (), 27 наурыз 1971 жылы Канадада дүниеге келген. Америка актёрі, «Светлячок», «Баффи — вампирлерді жоюшы», және «Касл» сиқяты сериал мен фильмдерде ойнаған рольдерімен белгілі.

Өмірбаяны Ертедегі өмірі Филлион Канаданың Эдмонтон қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы, Куки және Боб Филлион, жұмыстарынан босатылған ағылшын тілінің мұғалімдері. Нэйтанның Джефф деген ағасы бар. Филлион Киелі троицаның Католик гимназиясын, кейін Конкордия университетінің Альберта колледжін және Альберта университетін бітірді. Филлионның айтуынша, ол - лейтенант Джубала А. Эрлидің ұрпағы.Оның арғы аталарының ішінде франко-канадалықтар мен ирландықтар бар. Мансабы Театрда жұмыс істеп, бірнеше канадалық теле кинофильмдеріне түскеннен кейін Филлион 1994 жылы Нью-Йоркке көшіп келді. Бұл жерде ол «Өмірлес үшін бір өмір» теле операсында Джоуи Бьюкенaнның рөлін орындайды.1996 жылы ол «Эмми» марапатының «Үздік жыл актері» категориясының номинациясына ие болады.1997 жылы Филлион басқа жобалармен айналысу үшін сериалдан кетеді(шындығында ол 2007 жылы бірнеше серия үшін қайтып келеді).Лос-Анджелес қаласына көшіп келіп «Екі жігіт, қыз және пицеррия» ситкомында екінші қатардағы рөльдерде ойнайды да, «Қатардағы Райанды құтқару» фильмінде Джеймс Фредерик Райанның рөлін ойнайды. Филлион 2002 жылы Джосс Видонның «Светлячок» фантастикалық телесериалында капитан Малкольм Рейнолдстің ролін сомдады.Осы ойнаған ролі үшін фантастика, фэнтэзи және жан түршігер фильмдер Академиясының «Болашақ ұрпақтың беті» (ағыл. Cinescape Genre Face of the Future - Male ) категориясының марапатына ие болды. Бір жағынан 2003 жылы сериал тоқтатылса да, 2005 жылы оның «Серенити» миссиясы» деген кинобейімдеуі шықты,онда Филлион қайтадан өз рөліне келеді. Уидонның басқа сериалының финалдық маусымында, «Баффи — вампирлерді жоюшы», Филлон екінші қатардағы кейіпкер Калебтің рөлін ойнайды. Филлионың айтуынша, «Светлячок» фильмін түсіру кезіндегі уақыт, барлық сериалдардың ішіндегі ең қызығы болған. «Светлячок» фильміне түсу аяқталғасын Джевел Стэйт актрисасы оны КапитанТарШалбар деп атап кетті.Осылай ол лақап атқа ие болды. Филлион 2001 жылы «Таудың патшасы» мультсериалында қосалқы кейіпкерді дыбыстандырды, сол сияқты «Jade Empire» ойынында кейіпкер Гао Кішіні де сомдаған. 2006 жылы Филлион Джеймс Ганныңа «Шырышты ұлу» атты жан түршігетін фильмінде басты рөльде түсті. Осы сомдаған шериф Билл Парди рөліне «Fangoria» журналының «Осы Чувакпен әзілдеспей ақ қой» атты категориясының номинациясына ие болған. Сол жылы аты әйгілі «Ажалдан аман қалу» сериалының «Мен келісемін» сериясында эпизодтық рольде ойнайды. 2007 жылы Филлион жан түршігер «Ақ шу 2: Жарқырау» фильмінде басты рольде ойнады. Сол жылы басты рольдерде Эдриэнн Шелли мен Натанның орындауында «Официантка» романтикалық комедиясы шықты. 2007 жылы Натан «Жангешті үйде отыратын әйелдер» дреммедиясының төртінші маусымында пайда болады. Сонымен бірге «Қуып жарысу» телесериалында басты рольдердің бірін ойнайды, бірақ-та ол 6 эпизодтан кейін жабылып қалды. Телефанаттардың арасында осы сериал құрдымға кеткесін оның атына «сериалдарды жоюшы деген» амплуа жабысып қалды,себебі ол басты рольде ойнаған бірнеше сериал мезгіл-мезгіл жабылып қалып отырды Кейінірек ол «Касл» сериалында басты рольді ойнады. Фильм әйгілі жазушы Рик Касл туралы.Ол өзінің ерекше ойлау қабілетімен және жазушылық дарынының арқасында Нью-Йорк полициясына шытырман қылмыстарды ашуға көмектеседі.Натанның өткір романшы бейнесін тамаша сомдағаны соншалықты,он сериядан тұратын бірінші маусымнан кейін,екіншісі, үшіншісі, төтріншісі қазір бесінші маусым көрсетілуде.

Фильмдер тізімі Кино ЖылҚазақша атауыТүпнұсқа атауыРөлПримечания1994Стрэндж пен РичStrange and RichУолтер Хоуд1998Қатардағы жауынгер Райанды құтқаруSaving Private RyanҚатардағы жауынгер Рядовой Джеймс Фредерик (Миннесота) Райан1999Өткендегі жарылысBlast from the PastКлифф2000Дракула-2000Dracula 2000Дэвид әке2003Судың жағасындаWater’s EdgeРоберт Грейвз2004Райлидің мойындауыOuting RileyЛюк Райли2005«Серенити» миссиясыSerenityкапитан Малкольм Рейнолдс2006СлайтерSlitherшериф Билл Парди2007Ақ шу 2: шуақWhite Noise: The LightАбрахам ДейлДаяшы қызWaitressдәрігер Джим Поматтер2008ДальнобойщицаTruckerРаннер2009КаслKastleРичард Касл2009Ғажайып әйелWonder Womanполковник Стив ТреворДауыс; Direct-to-video2010СуперSuperКек алушы2011Жасыл Шам: Изумруд рыцарларыGreen Lantern: Emerald KnightsХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-video2012Әділдік Лигасы. ӨлімJustice League: DoomХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-videoThe Patriot of Americaкапитан Джеймс СлэйдДауысЕштеңеден айхай шуMuch Ado About NothingДогберри2013Монстрлар университетіMonsters UniversityДжонни Уортингтон IIIДауысӘділет лигасы: жанжал парадоксының себебіJustice League: The Flashpoint ParadoxХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-videoПерси Джексон және құбыжықтар теңізіPercy Jackson & the Olympians: The Sea of MonstersГермесЗаменил Дилана Нила из первого фильма серии2014Party CentralДжонни Уортингтон IIIДауыс; қысқаметраждыГалактика сақшыларыGuardians of the Galaxyұсқынсыз тұтқынДауыс; камео2015Әділдік лигасы: Атлантида тағыJustice League: Throne of AtlantisХэл Джордан / Жасыл ШамДауыс; Direct-to-videoHighway of TearsрассказчикДеректі фильм2017Галактика сақшылары 2Guardians of the Galaxy Vol. 2Саймон УильямсКамео, фото; жойылған көрінісКөліктер 3Cars 3СтерлингДауысHenchmenкапитан СупериорДауыс2018НомисNomisСуперменнің ажалыThe Death of SupermanХэл ДжорданДауысГаннибалдың ойыныNight HunterМэтью Куинн2019Супермендердің билігіReign of the SupermenХэл ДжорданДауыс2021Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясыThe Suicide SquadФлойд «ТДК» Белкин / Жігіт-Қол-Жулу

Сыртқы сілтемелер http://www.myspace.com/nathanfillion http://www.imdb.com/name/nm0277213/ http://twitter.com/NathanFillion

Санат:Канада актерлері