Болат Бағдатов — Социалистік Еңбек Ері (1981), озат шопан. 7 қараша 1940 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Архат ауылында туған.Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.

Еңбек жолы 1957 жылдан Семей облысы, Абай ауданындағы Белібаев атындағы совхозда аға шопан болған. 11-ші бесжылдықта жоспардан тыс 1500 қозы өсіріп, 100 мың сомның өнімін өндірген. 1965 жылдан КОКП мүшесі болды.

Жетістігі 1986 жылдан Қазақстан Коммунистік Партиясы ОК-інің мүшесі болды. 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1981) Медальдар

Дереккөздер

Әдебиет Шығыс Қазақстан облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Бағдатов Болат: б. 229.

Санат:Социалистік еңбек ерлері