200px|thumb|right|Тұрпан Тұрпан (Leucіscus cephalus) – тұқытәрізділер, тарақбалықтар туысына жататын түр.
Тарауы Еуропа және Алдыңғы Азияның тұщы суларында таралған, оңтүстік шекарасы Тигр және Евфрат өзендеріне дейін, ал шығысында Солтүстік Двина су алабына дейін жетеді. Қазақстанда Жайық және Жем өзендерін мекендейді.
Сипаттамасы Денесі ұзынша, басы жалпақ, арқасы жұмыр, қоңыр, бүйірі күміс түсті, кеуде қанаттары қызғылт сары, құрсағы мен аналь қанаттары қызыл, құйрық қанаты қоңыр (осы белгісі арқылы басқа балықтардан оңай ажыратылады). Денесінің ұзындығы 80 см, салм. 4 – 6 кг. Жыныстық жағынан 4 – 5 жаста жетіледі.
Көбеюі Уылдырығын (145 мыңдай) оңтүстікте мекендейтіндері – наурызда, орталық ендіктегілер – сәуірден маусымға дейін бөліп-бөліп шашады. Шабақтары зоопланктон және балдырлармен қоректенеді, ал ересектері – бентофаг және жыртқыштар.
Балық аулау Тұрпанның саны аз болғандықтан кәсіптік маңызы шамалы балықтар, бірақ әуесқойлық жолмен көп ауланады. Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Санат:Тұқылар