Леонид Михайлович КартаузовҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1972), механизатор, ауыл шаруашылығы өндірісінің озаты. 16 маусым 1933 жылы Ресейде, Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында туған.

Еңбек жолдары 1943-1944 жылдары Ұлы Отан соғысында полк баласы ретінде қатысып, екі аяғынан ауыр жараланып, мүгедек болған. 1955 жылы комсомолдық жолдамамен Қазақстанға келді. Тың жерлерді игеруге қатысып, тракторшылар курсын бітірді. 1959 жылдан КОКП мүшесі. 1963 жылдан Целиноград облысының (қазіргі Ақмола облысы) "Родина" совхозында тракторшы болып істейді. 1971-1972 жылдары нормадағы 2500 га-ның орнына 4000 га жер жыртып, 1180 кг жанармай мен жағармай үнемдеген.

Жетістігі Жас механизаторлардың ұстаз-тәлімгері. Ауыл шаруашылығы өндірісінің озаты. 9-шы сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты.

Наградалары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1972) Медальдар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии Герой из легендарных Его называли «целинный Маресьев»

Санат:Социалистік еңбек ерлері