Джереми Томас Кэмп (; 1978 жылы 12 қаңтарда туған, Лафайет қаласы, Индиана штаты) — заманауи христиан музыканты. Кэмп жалпы алғанда 10-нан астам студиялық альбом шығарды. Олардың төртеуі дыбыс жазу компанияларының Американдық Ассоциациясы (RIAA сертификациясы) келісімімен «Алтын» мәртебесіне ие болса, екеуі концерттік альбом және әртүрлі хит-парадтардың шыңына жеткен. Кэмптің стилін лирикалық баллада мен роктың үйлесімі деп атауға болады.
Жастық шағы Джереми Кэмп Лафайетт қаласында, Индиана штаты, АҚШ-та дүниеге келгенDeming, Mark."Jeremy Camp Biography" . AllMusic. 2008 жылдың 13 қазанында алынды.. Оның әкесі Том, Harvest Chapel қауымының бақташысы (Голгоф Қауымына байланысты, Коста Меса, Калифорния штаты), оны гитара тартуға үйреткен"Pentecostal Evangel". Pe.ag.org. 2013 жыл 7 наурыз. . Мектеп бітіргеннен кейін, Джереми екі жыл бойы Оңтүстік Калифорниядағы Құдай Ассамблеясына қатысты. Одан соң Голгоф Қауымындағы Таурат колледжінде дін ілімі мамандығы бойынша дипломын алдыTim Adams, Jeremy Camp’s ‘I Still Believe’ film tells his story of love and loss, expressnews.com, АҚШ, 14 наурыз, 2020 жыл. Бір күні мадақтау тобының бір жетекшісі жас Джеремидің колледж асханасында гитара тартқан әуенін естиді. Ол Кэмпке мадақтау тобына қатысуын айтып, жігер береді. Осыдан кейін Джереми мадақтау тобын өзі жүргізіп, бүкіл Оңтүстік Калифорнияға саяхат жасайды. Музыкалық мансабы Джеремидің 14 өлеңі мәсіхшілер өлеңі тізімінің хитына айналды (оның ішіндегі 6 өлеңі «Stay» альбомынан). Оның бірінші музыкалық шығармасы «Understand» әні болды. Ол 10 видеоклип түсірді: «Understand», «Walk By Faith», «Take You Back», «Tonight», «Give You Glory», «Let It Fade», «I Am Willing» (бұл ән оның бірде-бір альбомына енген жоқ), «Speaking Louder Than Before», «The Way» және «Reckless», сондай-ақ ол бірнеше әндерге рухани ойланатын видеобөлімдер шығарып, оларды YouTube және GodTube платформаларына жүктеді. Ол өз сапарының әдеттегі бір күндегі өлеңдерін жазған DVD шығарған болатын. Live Unplugged from Franklin, TN бейнежазбасы бір аттас концерттік альбомға қосымша болып табылады. YouTube-те оның «Мәсіхтің азап шегуі» фильмінің бірнеше үзінділерінен алынған «This Man» өлеңіне бейнежазбаны көруге болады.
2005 жыл Джеремидің «Take You Back» және «Lay Down My Pride» атты синглдары хит-парадында бірінші орынға ие болды. Christianity Today журналы оқырмандарының таңдауы бойынша Джеремиді 2005 жылдың «Ең үздік орындаушысы» деп атады. Дәл осы жылы, Джереми американдық композиторлар, авторлар және баспагерлер қоғамының (ASCAP) нұсқауына сәйкес «Жыл композиторы» атағына ие болды, сондай-ақ ол жылдың ең үздік вокалшысы ретінде екі жыл қатарынан Dove Award сыйлығын жеңіп алды. 2005 жылы ол «Music Inspired by the Chronicles of Narnia: The Lion, the Witch, and the Wardrobe» музыкалық жинағы үшін «Open Up Your Eyes» өлеңін жазды, бұл альбом 2005 жылы қыркүйекте жарыққа шықты, сондай-ақ бұл альбом «Нарния шежіресі: Арыстан, дуагер және көйлек шкафы» атты фильм үшін арнайы жазылған әртүрлі мәсіхші музыканттардың өлеңдерінен құралған. 2005 жылдың басында Джереми Кэмптің «Stay» және «Carried Me: the Worship Project» атты екі альбомы RIAA сертификациясына сәйкес «ең бағалы алтынға» айналды. Джереми сондай-ақ мәсіхші рэппер KJ-52 -мен бірге қызмет етіп «Behind the Musik (A Boy Named Jonah)» альбомын жасады және «Right Here» өлеңі қайырмасының партиясын орындады. 2006 жыл Джереми жыл сайын болатын 28-ші ASCAP Music Awards конкурсында («Take You Back» және «This Man» өлеңдері үшін) «Жыл композиторы» атағына ие болып, құрмет сыйлығын алды. «Take You Back» өлеңі сондай-ақ «Жыл өлеңдерінің» бірі болды. Джереми сондай-ақ «Сүйікті орындаушы» және «Сүйікті вокалист» ретінде CCM Reader's Choice Awards-тің екі сыйлығын жеңіп алды. Ол өзінің «Restored» альбомынының ерекше басылымын шығарды, оның ішіне 4 жаңа өлеңі және үндеу хаты енген. 2006 жылдың көктемінде Джереми «Beyond Measure» жазбасымен айналысады. Альбом 2006 жылы 31-қазанда жарыққа шықты. Дәл осы жылы Кэмп өз әйелінің «Don't Wait» атты альбомына продюсерлік етіп, оны 2006 жылы қыркүйекте жарыққа шығарды. 2007 жыл «Tonight» — «Beyond Measure» альбомының бірінші синглі, ол 2007 жылы тамыз айында жарыққа шығып, қазіргі заманғы мәсіхшілер радиосының №1 хитіне айналды. «Give Me Jesus» — «Beyond Measure» альбомының үшінші синглі, ол Inspirational радиосында бірінші орынды алған алғашқы бес өлеңнің бірі болды. «Give You Glory» төртінші синглі 16-шы нөмірмен AJ еврей радиосында дебютке шықты. «Let it Fade» атты өлеңі 2007 жылы HR радиосында берілген ең әйгілі өлеңдердің жетіншісі болды. Осы жылы Джереми Кэмптің «Live Unplugged» атты концерттік турының жазбасы жарыққа шықты, ол Франклин қаласы, Теннесси штатында CD және DVD-ге жазылды. 2008–2009 жылдары «No Matter What» өлеңі 2008 жылы R&R журналының хит-парадында ең әйгілі өлеңдердің 4-шісі болды. Осы жылы Джереми «There Will Be a Day» атты әйгілі хиті бар «Speaking Louder Than Before» жаңа студиялық альбомын шығарды. 2009 жылы 17-қарашада Джереми Кэмп «Jeremy Camp Live» атты тағы бір концерттік альбомын шығарды. Бұл альбомға бұған дейінгі шыққан барлық альбомдардағы әртүрлі өлеңдер енген. «Speaking Louder Than Before» альбомы Грэммиде жоғарғы орынға ұсынылды, бұл оның алғашқы жоғарылауы болды. 2010 жылдан қазіргі кезге дейін «Beyond Measure» альбомы RIAA сертификациясы бойынша «Алтын» мәртебесіне ие болды. 2010 жылы 24-тамызда «We Cry Out» мадақтау стиліндегі жаңа альбом шықты. Джереми Кэмп жыл сайын болатын Independent Music Awards 10-шы рәсімінің құрметті төрешісі болды. 2011 жылы 20-мамырда Джереми Кэмп өзінің «I Still Believe» атты бірінші кітабын шығарды. Бұл кітапта Джеремидің өмірі, балалық шағы, бірінші әйелінің өлімі туралы және Жаратушы Құдайдың оны қазіргі кезде қандай қызметке шақырғаны жайлы жазылады. 2012 жылы 13-наурызда Джереми Кэмп «I Still Believe: The Number Ones Collection» атты өзінің ең әйгілі хиттерінің жинағын шығарды. Бұл альбомда оның 15 ең әйгілі өлеңдері және «Wait» атты жаңа өлеңі бар. 2012 жылы 25-қыркүйекте «Christmas: God With Us» дискісі шықты. Бұл альбомның продюсері Браун Баннистер болды. 2012 жылы 11-қарашада Джереми Кэмп Техас штатында, Остинде Spirit Fest 2012 фестивалінде өнер көрсетті. 2013 жылы 12-ақпанда оның соңғы «Reckless» альбомы шықты. Жеке өмірі Джереми және оның бірінші жұбайы Мелисса Линн Хеннинг (туған жылы – 7 қазан 1979 жыл) 2000 жылы 21-қазанда үйленді. Көп кешікпей оның зайыбына «аналық безінің қатерлі ісігі» диагнозын қояды, сөйтіп ол әйел 2001 жылы 5-ақпанда қайтыс болады. Джереми 23 жаста еді, ал әйелі небәрі 21 жаста болды. Джереми өзінің кейбір өлеңдерінде жұбайының ауырған кезіндегі уайымдаған жан толғанысын жазады. «I Still Believe» өлеңі жұбайы көз жұмғаннан кейін алғашқы жазған өлеңдерінің бірі болды. Ал «Walk By Faith» («Сеніммен өмір сүрудемін») өлеңі олардың үйленген кездегі бал айында жазылған. Джереми 2003 жылы желтоқсанда Эдриэн Лишингіге үйленді, ол әйел «The Benjamin Gate» группасының бұрынғы солисті. Олардың екі қызы, бір ұлы бар: Изабелла Роуз Кэмп (туған жылы – 25 қыркүйек 2004 жылы), Арианна Мэй Кэмп (туған жылы – 5 сәуір 2006 жылы) және Игэн Томас Кэмп (туған жылы – 17 тамыз 2011 жылы). 2009 жылы Эдриэн және Джереми тағы бір балалы болатыны жайлы хабарлайды, алайда бала үш айлығында шетінеп кетеді. Джереми Кэмп жетекшілердің қол қоюымен қызметке тағайындалды. Джереми Кэмптің Стив Кэмппен туысқандық байланысы жоқ.
Дереккөздер