Астана күні — Қазақстанда 6 шілдеде тойланатын мемлекеттік мейрам.

Тарихы 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Астана қаласының мерекелік іс-шараларының ресми сайты

Тағы қараңыз

Санат:Қазақстан мейрамдары Санат:Астана Санат:1994 жыл Санат:1997 жыл Санат:1998 жыл Санат:2006 жыл Санат:Астанадағы оқиғалар