Закари Эдвард «Зак» Снайдер (ағ. Zachary Edward «Zack» Snyder; 1966 жылдың 1 наурызы, Грин-Бэй, АҚШ) – американдық кинорежиссер, сценарийші және продюсер.
Өмірбаяны Ерте кез Зак Снайдер 1966 жылдың 1 наурызында Грин-Бэйде, Висконсин штатында дүниеге келді, бірақ Гринвич, Коннектикут штатында өсті. Дэйкрофт мектебінде білім алды, сонымен қатар осы жерде оның анасы кескіндеме мен фотография өнерінің мұғалімі болды. Анасының арқасында, Зак Лондон мен Пасадинада көркем сурет өнеріне үйренеді. Снайдер Пасадинада қазіргі уақытқа шейін, екінші әйелі продюсер Дебора Снайдермен және 6 баласымен тұрып келедіs-and-features/features/movies/e3i8f6bf92e292731581559af0969092ce9?pn=2CGI: www.filmjournal.com "Watchmen"Zack Snyder brings superhero saga to the finish line.
Кішкентай кезінен бастап Зак фантастикалық фильмдерге қызыққан. Оның ұнатуына «Жұлдызды соғыстар» көп әсер етті. Зактың әуесқойлығын байқаған оның ата-анасы оған видеокамера сыйлайды. Осы «ойыншық» арқылы ол режиссурада бірінші қадамдар жасайды.
Мансабы 90 жылдардың басында жас режиссер жарнамалар түсіреді. Ол «Reebok», «Nike», «Будвайзер», «BMW», «SUBARU», «Магнум» және «Митцубиси» сияқты ірі компанияларға қызмет көрсетеді. Ол өзін дарынды және талантты режиссер және сценарист ретінде көрсетеді. Зак «Клио» жүлдесін ұтып алады. Кейін ол тіпті Канн фестивалінде «Jeep» үшін түсірілген «Frisbee» ролигі үшін «Алтын арыстан» жүлдесін иеленеді.
Снайдердің бейне роликтерінде көптеген жұлдыздар түсті. Режиссер Харрисон Форд, Роберт Де Ниро, Кэтрин Зета-Джонс, Майкл Джордан және Мартина Навратилова сияқты атақты адамдармен жұмыс істеді.
Майкл Джордан Зактың алғашқы жұмыстарының біріне қатысты. Ол «Майкл Джорданның ойын алаңы» атты деректі фильмінде басты ролді сомдайды. Кинофильм прокатқа 1990 жылы шықты.
Зак Хэзер Нова, Morrissey, Шон Коллинз және «Soul Asylum» тобына музыкалық бейне клиптер түсіреді. 2002 жылы режиссер Columbia Pictures компаниясымен келісім шартқа отырады. Олар «S.W.A.T.» сериалы бойынша толықметражды фильм түсіре бастайды. Басында, түсірілімдер ойдағыдай жүрді, бірақ кейін жұмыстың бүге-шегесін және нюанстарын Зак ұғынғасын, ол оның және компанияның ойлары әр түрлі екенін түсініп, жұмыстан бас тартады.
2004 жылы Зак Джордж Ромероның «Өліктердің рауаны» атты хоррорына ремейк түсіреді. Сыншылардың келіспеушілігіне қарамастан, фильм үлкен табыс тапты және көп мөлшерде ақша жинады.
Режиссерге нағыз атақты алып келген «300 спартандықтар» фильмі болып келеді. Бұл фильм Фрэнк Миллер мен Линн Варлидің романы бойынша түсіріліп, айтарлықтай табысқа жетіп, Зак барлығының назарын өзіне және жаңа жобаларына аударды.
Зактың келесі жобасы – Алан Мур мен Дэйв Гиббонстың комиксі «Қорғаушылар». Фильм «300 спартандықтар» сияқты табысқа жеткен жоқ. Бірінші уик-эндте ол $55 миллион жинады.
Фильмография Жыл Қазақша атауы Түпкі атауы Режиссёр Продюсер Сценарийші Оператор Бюджет, млн $ Жалпы жиын, млн $ 2004Dawn of the Dead'''
| 26 | 102,4 |- | 2006 ||300|
| 65 | 456,1 |- | 2009 ||Watchmen|
| 130 | 185,3 |- | 2009 | Сақтаушылар: Қара шхунаның хикаясы (мультфильм) |Tales of the Black Freighter|
| 2010 | Түнгі қорғаушылардың аңыздары |Legend of the Guardians: The Owls of Ga’Hoole|
| 80 | 140,1 |- | 2011 | Рұқсат берілмеген тәсіл |Sucker Punch|
| 82 | 89,8 |- | 2013 | Құрыш адам |Man of Steel|
| 225 |668 |- | 2014 | 300 спартандықтар: Империяның гүлденуі |300: Rise of an Empire|
|110 |337,6 |- | rowspan="2" | 2016 |Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы|Batman v Superman: Dawn of Justice|
|250https://m.imdb.com/title/tt2975590/?ref_=fn_al_tt_0 |873,6https://m.imdb.com/title/tt2975590/?ref_=fn_al_tt_0 |- |Жанкештілер жасағы |Suicide Squad
|175https://m.imdb.com/title/tt1386697/?ref_=nv_sr_srsg_3 |746,8https://m.imdb.com/title/tt1386697/?ref_=nv_sr_srsg_3 |- | rowspan="2" | 2017 |Ғажайып әйел|Wonder Woman|
|149https://m.imdb.com/title/tt0451279/?ref_=m_tt_sims_tt |822,1https://m.imdb.com/title/tt0451279/?ref_=m_tt_sims_tt |- |Әділдік лигасы |Justice League|
|300https://m.imdb.com/title/tt0974015/?ref_=nv_sr_srsg_3 |657,9https://m.imdb.com/title/tt0974015/?ref_=nv_sr_srsg_3 |- |2018 |Аквамен|Aquaman|
|160 |1148 |- |2020 |Ғажайып әйел: 1984|Wonder Woman 1984|
|200 |166,1Wonder Woman 1984 (2020). imdb.com |- | rowspan="4" |2021 |Зак Снайдердің Әділет Лигасы|Zack Snyder's Justice League|
|70 |370 |- |Өліктердің әскері |Army of the Dead|
|70 |90 |- |Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясы|The Suicide Squad|
|185 |167,4 |- |Ұрылар әскері |Army of Thieves|
|90
|2023 |Флэш|The Flash|
|TBA |Ай көтерілісі|Rebel Moon''
Музыкалық бейне клиптері ЖылӘртісӘн1992Peter Murphy«You’re So Close»Morrissey«Tomorrow»Soul Asylum«Somebody to Shove»1993Soul Asylum«Black Gold»Alexander O’Neal«In the Middle»1994Dionne Farris«I Know»2009My Chemical Romance«Desolation Row»
Дереккөздер
Санат:Сатурн сыйлығының иегерлері