Үлкен Диқан — Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Кіші Диқан ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Шонжы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 109 км, округ орталығы Кіші Диқан ауылынан шығысқа қарай 6 км жерде, Кетпен (Ұзынқара) жотасының солтүстік беткейінен бастау алатын Сұнатсай өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен957992 886 89,3 514 471 91,6 478 415 86,8

Тарихы Іргесі 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1930-1996 жылдары аралығында қой өсірумен айналысатын “Октябрь” ұжымшары бөлімшесі болды. Ұжымшар негізінде Үлкен Диқанда 1996 жылдан шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Ұйғыр ауданы елді мекендері