Біркөлік шатқалы – Түркістан облысы Төле би ауданында, Шымкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, теңіз деңгейінен 1100 м биіктікте Тәңір тауының тау сілемдерінде орналасқан.
Өсімдігі Шатқал бойымен Біркөлік өзені ағады. Мұнда жаңғақ тоғайы, өрік және алма бақтары бар. Қарағай, Тянь-Шань шыршалары, емен, шынар, зерек, талшын ағаштары, итмұрын және т.б. дәрілік шөптер өседі.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің экспедициясының ауыл аймақтарды археологиялық зерттеулері кезінде Біркөлік шатқалынан 2 қорым табылған. Қорымдар классикалық сұлба бойымен(шығыстан батысқа қарай) орналасқан 30 обадан тұрады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы географиясы Санат:Қазақстан шатқалдары