Футболдан Бразилия Ұлттық құрамасы () — Бразилияны халықаралық матчтар мен футболдан турнирлерде ұсынатын команда. Елдегі футбол ұйымының негізгі басқарушысы футболдан Бразилия конфедерациясының қол астында бақылауда болады. Бразилия құрамасы — 1923 жылдан бері ФИФА мүшесі, сонымен қатар 1916 жылдан бері КОНМЕБОЛ мүшесі.
Тарихы Ең алғашқы жолдастық кездесуін 1914 жылы Англияның "Эксетер Сити" клубтық командасына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен ұтқан (бірақ кей мәліметтерде бұл матч 3:3 есебімен тең аяқталған деп те көрсетіледі).
Әлем чемпионаты
1930, 1934 жылғы Әлем Чемионаттарында ұлттық құрама алғашқы кезеңнен аса алмаған. Тек, 1938 жылы Францияда өткізілген әлемдік додада алғашқы тырнақ алды дүниежүзілік жүлдесін иемденді. Қола медалді олжалады. Осы чемпионатта құрама шабуылшысы — Леонидас Әлем Чемпионаттары тарихында тұңғыш покер (бір матчта төрт гол) соққан футболшы ретінде тарих беттерінде қатталды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы Әлем Чемпионаты 1950 жылы Бразилияда өткізілді. Екінші топтық турнирдің шешуші матчында Бразилия құрамасы Уругваймен күш сынасты. Тең түссе болды, чемпион атанатын алаң иелері мүмкіндікті қолдан жіберіп алды. 47 минутта Фриаса бразилиялықтарды алға шығарғанымен, 68 минутта Скяффино есепті теңестірді. Ал, ойын бітуге 10 минут қалғанда Альсидес Хиггия шешуші голды соқты да, Уругвай екінші рет Әлемдік додада топ жарды. Бұл матч Бразилия футболы тарихында "Мараканасо" ("Маракана қасіреті") деген атпен ең қаралы матч ретінде есте қалды.
Бірақ, Бразилия құрамасының алар асулары әлі алда еді. 1958 жылы Швецияда өткен VI Әлем Чемпионатында Пеле, Гарринча, Диди, Вава секілді жұлдыздар құраманы сонау шырқау биікке бір-ақ көтерді. Команданы аңызға айналған бапкер Висенте Феола бастап барды. Құрама тұңғыш рет Әлем Чемпионы атанды. 4-4-2 жүесімен орналасуды да осы додаға бразилиялықтар бірінші болып қолданды. Бұл — Әлемдік футболдың жаңа кезеңінің басталу шағы еді.
1962 жылы Чилиде өткен чемпионатқа құраманы Айморе Морейра бастап барды. Бұл жолы команда 4-4-3 жүйесімен ойын көрсетіп, айласын асырып кетті. Футбол королі Пеле тек бірінші ойында ғана командасына жәрдем берді де, қалған кездесулерде жарақатына орай алаңға шыға алмады. Бұл жоғалту құраманың екінші рет чемпион атануына кедергі болмады.
1966 жылы Англияда өткен бәсекеде құрама топтық турнирден аса алмады. Пеле бұл жолы да жарақатына орай дұрыстап өнер көрсете алған жоқ. Бірақ 1970 жылы Мексикада өткен Әлем Чемпионатында "Селесауларға" тең келетін құрама табылмады. Чемпионат басталуға аз ғана қалғанда құрама тізгінін ұстаған Марио Загало құрамадағы Пеле, Жаирзиньо, Жерсон, Тостао, Карлос Альберто секілді теңдессіз футболшыларды орнымен пайдалана білді. Нәтижесінде құрама үшінші рет әлм футболының шыңына шықты.
Келесі чемпиондықты аттай 24 жыл күтуге тура келді. 1974-1990 жылдар аралығында тек бір рет қана, 1978 жылы қола жүлдеге ие болды. Бұл аралықта құраманың намысын қорғаған Зико, Сократес, Фалькао, Эдер, Мюллер, Карека секілді футболшыларға алтын кубокты иемдену бұйырмапты. 1994 жылы АҚШ-та өткен "Соккер-шоуда" құраманы Карлос Альберто Парейра баптады. Ептеп прагматиктеу ойын көрсеткен құрама ешкімнен де жеңілмеді. Финалда өздерінің тарихи басты бәсекелестері — Италия құрамасын пенальти арқылы жеңіп, алтын жүлдені төртінші рет олжалады.
Арада төрт жыл өткен соң да құрама жақсы ойнады, тек финалда алаң иелері — Франциядан ірі есеппен (0:3) ұтылды да, күміс жүлдені қанағат тұтты. 2002 жылы Азия елдерінде өткен бәсеке бразилиялықтар үшін сәтті болды. Жеті матчтың жетеуінде де жеңіске жетіп, бесінші рет Әлем Чемпионы атанды.
2006, 2010 жылдарғы Әлем Чемпионаттарында құрама ширек финалдан аса алмады. 2014 жылғы әлемдік бәсеке тағы да Бразилияда өтті. Тілеулестері тек чемпиондықты күткен бұл додада Бразилия жартылай финалға ғана жетті. Германия құрамасынан 1:7 есебімен ұтылып, айдай әлемге шерменде болды. Үшінші орын үшін өткен матчта да Голландияға жол беріп (0:3), бас бапкер Луиз Фелипе Сколари орнынан алынды.
Басқа да турнирлер Құрама Америка кубогында тоғыз рет топ жарды. Бұл Аргентина мен Уругвайдан кейінгі үшінші көрсеткіш. Бұл турнирде де дағдарысқа ұшыраған кезеңдері болған. 50-60-70 жылдары Пеленің дәуірінде бір рет те құрлықтық турнирде топ жармапты. 1949-1989 жылдар аралығында құрама Америка чемпионы атана алмаған.
Конфедерациялар кубогында ең көп чемпион атанған құрама. 2005-2009-2013 жылдары қатарынан үш турнирде топ жарды. Сондай-ақ, 1997 жылы да чемпион атанған.
Жетістіктері
Бес дүркін Әлем чемпионы атанған — 1958, 1962, 1970, 1994, 2002 Екі дүркін Әлемнің күміс жүлдегері — 1950, 1998 Екі дүркін Әлемнің қола жүлде иегері — 1934, 1978 Әлем чемпиондарының алтын кубогы — 1981 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы — 1997, 2005, 2009, 2013 Оңтүстік Америка чемпионы — 1919, 1922, 1949, 1989, 1997, 1999, 2004, 2007, 2019 Рекордшылар 2025 жылғы 18 қарашадағы жағдай бойынша Бразилия рекордшылары:
Көп матч өткізгендер нобай|оңға|Кафу — Бразилия атынан ең көп матч ойнаған (142) футболшы
Аты-жөніКарьераМатчГол 1Кафу 1989–2006 142 5 2Неймар 2010–2023 128 79 3Дани Алвес 2006–2022 126 8 4Роберто Карлос 1992–2006 125 11 5Тиагу Силва 2008–2022 113 7 6Лусио 2000–2011 105 4 7Маркиньос 2013– 103 7 8Клаудио Таффарел 1987–1998 104 0 9Робиньо 2003—2011 100 2810Джалма Сантос 1952–1968 98 3Роналдо 1994–2011 98 62
Мергендер нобай|оңға|Неймар — Бразилия атынан ең көп гол салған (79) ойыншы
Аты-жөніМансабыГолМатчОрташа 1Неймар 2010–2023 79 128 0,62 2Пеле 1957–1971 77 92 0,84 3Роналдо 1994–2011 62 98 0,63 4Ромарио 1987–2005 55 70 0,79 5Зико 1976–1989 48 71 0,68 6Бебето 1985–1998 39 75 0,52 7Ривалдо 1993–2003 35 74 0,478Жаирзиньо 1964–1982 33 81 0,41Роналдиньо 1999–2013 33 97 0,3410Адемир 1945–1953 32 39 0,82Тостао 1966–1972 32 54 0,59
Құрамы 2026 жылғы 7 маусымдағы құрамы: №ФутболшыТуған күніМатчтарыГолдарыКлубыҚақпашылар1Алисон78–36 Ливерпуль23Эдерсон32–24 ФенербахчеҚорғаушылар4Маркиньос1057 Пари Сен-Жермен14Глейсон Бремер81 Ювентус15Лео Перейра40 Фламенго16Дуглас Сантос70 Зенит24Рожер Ибаньес70 Әл-АхлиЖартылай қорғаушылар2Эдерсон30 Аталанта5Каземиро869 Манчестер Юнайтед8Бруно Гимарайнс433 Ньюкасл Юнайтед17Фабиньо330 Әл-Иттихад17Данило Сантос42 Ботафого20Лукас Пакета6313 ФламенгоШабуылшылар7Винисиус Жуниор499 Реал Мадрид9Матеус Кунья231 Манчестер Юнайтед11Рафинья3911 Барселона19Эндрик174 Олимпик Лион21Луис Энрике152 Зенит22Габриэл Мартинелли234 Арсенал25Игор Тиаго42 Брентфорд26Райан21 Борнмут
Дереккөздер
Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасы