Башқұрт тілі ( ) — Башқұртстан Республикасының ресми тілі. Башқұрт халқының ұлттық тілі. Түркі тілдердің қыпшақ-бұлғар тобына жатады. Башқұрт тілі – башқұрттардың ана тілі. Әлемде 1,2 млн башқұрт тілінде сөйлейтін халық бар.
Сөйлеушілер саны 2002 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, Ресейде башқұрт тілін меңгерген жалпы халық саны 1 379 000 адамды құрады.
Оның ішінде тілдің негізгі таралу аймағы болып табылатын Башқортостан Республикасы аумағында башқұрт тілінде сөйлейтін халықтың этникалық құрамы келесідей бөлінеді:Бүкілресейлік халық санағы 2002: Башқортостан Республикасы халқының тілдерді меңгеруі. Башкортостанстат (Федералдық мемлекеттік статистика қызметі).
Башқортостандағы сөйлеушілердің этникалық құрамы (2002 жыл) Ұлты (Башқортостанда) Сөйлеушілер саны (адам) Башқұрттар 977 484 Татарлар 131 950 Орыстар 20 258 Чуваштар 6 276 Марийлер 3 211 Қазақтар 1 935 Удмурттар 1 630 Өзбектер 1 279 Басқа ұлттар 8 367 Башқортостан бойынша барлығы 1 152 490
Башқұрт тілінің тарихы Башқұрт тілінің мәртебесі бірінші рет Орынбор қаласында 1917 жылы 8-20 желтоқсанда өткен III Бүкілбашқұрттық құрылтайда қаралды. Башқұрт тілі 1918 жылы қаңтарда Кіші Башкирияны автономды басқару туралы ереже және Кіші Башкирияның автономиялығы туралы ереженің жобаларында ресми тіл болып жарияланды.
Осы құжаттарға сәйкес мемлекеттік билік пен басқару органдарында башқұрт башқұрт тілін қолдану қарастырылды. Кеңес үкіметінің құрылыуымен аймақта башқұрт тілінің мәртебесі туралы мәселе бірнеше рет қарастырылды және Бүкіл Башкирияның территориясына башқұрт тілін мемлееттік тіл ретінде енгізудің жалпы ережесін жобасы жасалды. 1921 жылы 1-4 маусымдағы II Кеңестердің Бүкілбашқұрттық II cьезі башқұрт тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялап және міндетті түрде оқыту енгізілді.
Морфорлогия Морфологиясындағы ерекшеліктері: еди көмекші етістігі ине түрінде жұмсалады: барһа ине <<барса еді>> нақ өткен шақ аффиксі -зы болымсыздық аффиксінен кейін -ны формасында қолданылады: тапманым <<таппадым >>
Фонетика Башқұрт тілінің дыбыстық жүйесі дауысты дыбыстар (башқ. Һуҙыңҡы өндәр) және дауыссыз дыбыстар (башқ. тартынҡы өндәр) болып бөлінеді. Тілдің фонологиялық заңдылықтары қатаң түрде Буын үндестігіна (башқ. Сингармонизм законына) бағынады.
Дауысты дыбыстар (Һуҙыңҡы өндәр) Башқұрт тілінде 9 төл дауысты дыбыс бар. Олар айтылғанда тілдің, еріннің және жақтың қатысу дәрежесіне қарай: жуан–жіңішке (башқ. ҡалын-нәҙек), еріндік-езулік (башқ. иренләшкән-иренләшмәгән) және ашық–қысаң (башқ. киң-тар) болып келесідей жіктеледі:
Жақтың қатысы (Киң/Тар) Жуан дауыстылар (Ҡалын һуҙынҡылар) Жіңішке дауыстылар (Нәҙек һуҙынҡылар) Езулік (Иренләшмәгән) Еріндік (Иренләшкән) Езулік (Иренләшмәгән) Еріндік (Иренләшкән) Ашық (Киң) а башқ. ат — қаз. ат о башқ. оң — қаз. ұн ә башқ. әсәй — қаз. әже ө башқ. өй — қаз. үй Қысаң (Тар) ы башқ. ыласын (шоңҡар) — қаз. сұңқар у башқ. урам — қаз. орам е (э), и башқ. ил — қаз. ел ү (у) башқ. үлән — қаз. өлең
Дауыссыз дыбыстар (Тартынҡы өндәр) Башқұрт тіліндегі дауыссыз дыбыстар білім беру оқулықтарында негізгі үш принцип бойынша жіктеледі:Ж. Ғ. Кейекбаев. «Инеш», «Фонетика һәм графика» // Сәйетбатталов Ғ. Ғ. һ. б. Башҡорт теле: Педагогия училищелары өсөн дәреслек. — Өфө: Китап, 1997. — 352 б. — ISBN 5-295-01902-0. Башқортостан Республикасының электронды кітапханасы.
Жіктелу принципі Башқұрт тіліндегі дыбыстар тобы Дауыссыз дыбыстар тізімі 1. Жасалу орны бойынша (Яһалыу урыны) Ерін дауыссыздары (Ирен тартынҡылары) [б], [п], [м], [в], [ф] Тіл арты дауыссыздар (Тел арты тартынҡылары) [ҡ], [ғ], [х], [һ] 2. Жасалу тәсілі бойынша (Яһалыу рәүеше) Шұғыл / Шартлаулы өндәр [б], [п], [к], [ҡ], [т] Ызың / Ышҡыулы өндәр [ғ], [в], [й], [ж], [з], [ҙ], [ҫ], [ф], [х], [һ] 3. Үн мен салдардың қатысы (Тауыштың ҡатнашлығы) Ұяң дауыссыздар (Яңғырау тартынҡылар) [б], [в], [г], [ғ], [д], [з], [ҙ], [ж] Қатаң дауыссыздар (Һаңғырау тартынҡылар) [п], [ф], [ҡ], [к], [т], [с], [ҫ], [ш], [х], [һ]
Қазақ тілімен салыстырмалы сипаттамасы Башқұрт және қазақ тілдері түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататындықтан өте жақын. Алайда екі тілдің арасында жүйелі дыбыстық сәйкестіктер бар:Ж. К. Түймебаев, М. К. Ескеева, М. Г. Усманова. Қазақ және башқұрт тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. — Алматы: Қазығұрт, 2018. — 272 б. — ISBN 978-601-224-954-4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ электронды кітапханасы.
Айырмашылық сипаты Башқұрт тілінде Қазақ тілінде Дыбыстық мысалдар [Е] / [І] сәйкестігі [е] дыбысы қысқа [і] дыбысы башқ. тел — қаз. тіл [Ш] ↔ [С] заңдылығы [с] [ш] башқ. сәс — қаз. шаш; башқ. сәй — қаз. шай [Һ] ↔ [С] заңдылығы [һ] (тынысты) [с] башқ. һары — қаз. сары; башқ. һеҙ — қаз. сендер «Я»-лау және «Жа»-лау [й] [ж] башқ. йәй — қаз. жаз; башқ. йыл — қаз. жыл Тіс аралық дыбыстар Бар ([ҙ], [ҫ]) Жоқ ([з], [с]) башқ. көҙ — қаз. көз; башқ. баҫты — қаз. басты Тіл арты дауыссыздар Бар ([ҡ], [ғ]) Бар ([қ], [ғ]) Екі тілде де айтылуы бірдей.
Башҡұрт тілінің қолданылуына мысал thumb|center|300px|Башқортостанның Бөрйән ауданы шекарасындағы екі тілдегі (башқұртша және орысша) ресми тақта Тілдің поэтикалық стилін, синтаксистік құрылымын және төл дыбыстарының сөздегі қолданысын көрсету үшін Шайхзада Бабичтің 1918 жылы жазған «Башҡортостан» атты танымал өлеңі келтіріледі:Башҡорт әҙәбиәте. 9 синыф (PDF)
Шәйехзада Бабич (1895—1919) — «Башҡортостан» (1918)Арыҫландар үҙ ерен Залимдарҙан таптатмаҫ... Быҫраҡ табан аҫтында Башҡорт намыҫы ятмаҫ.
Башҡортостан — гөлбостан, Сөнбөлостан, нурбостан, Шунда тыуған, шунда үҫкән Башҡорт атлы арыҫлан!
Башҡортостан баҡсаһы — Арыҫландар торған ер; Арыҫландар бабаһы — Ҡаһармандар йөрөгән ер...
Башҡортостан — гөлбостан, Былбылстан, нурбостан, Шунда тыуған, шунда үҫкән Башҡорт тигән арыҫлан.
Башҡорт халҡы тарихта Ғәйрәт менән фаш булған; Киң иреккә ашыҡҡан Күңелдәге ташҡындан; Һәр ваҡытта намыҫын Үҙ башына баш ҡылған;
Тыуған илен һаҡлауға Үҙе булған таш ҡорған.
Башҡортостан — гөлбостан, Рәйханостан, нурбостан, Шунда тыуған, шунда үҫкән Башҡорт улы арыҫлан...
Уралҡайҙың асты алтын, Өҫтө шиғыр, үҙе нур; Киләсәктә был ергә Хоҙай үҙе ҡыҙығыр... Фирҙәүестәр төҙөлөр, Әлуан ниғмәт теҙелер; Күктә ташлап мәләктәр, Был ерҙәргә һыйғыныр.
Башҡортостан — йәмбостан, Илһамыстан, шиғырстан, Шунда тыуған, шунда үҫкән Башҡорт атлы арыҫлан!..
Башҡортостан йәшәһен, Сөнбөлостан йәшәһен! Шунда тыуып, шунда үҫкән Арыҫландар йәшәһен!
сөйлесу мысалы:
Əліпби Башқұрт әліпбиі 42 әріптен тұрады. Оның құрамына орыс әліпбиінің барлық 33 әрпі, және тілдің өзіндік дыбыстарын таңбалайтын 9 төл (спецификалық) әріп кіреді: Аа Бб Вв Гг Ғғ Дд Ҙҙ Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Ҡҡ Лл Мм Нн Ңң Оо Өө Пп Рр Сс Ҫҫ Тт Уу Үү Фф Хх Һһ Цц Чч Шш Щщ Ъъ Ыы Ьь Ээ Әә Юю Яя
Жіктеу есімдіктері жекешекөпшеБашқұртшаҚазақшаБашқұртшаҚазақшаМинМенБeҙБізҺинСенҺеҙСендерУлOлУларОлар
Башқұрт диалектологиясы Башқұрт тіл білімінің заманауи зерттеулері мен академиялық еңбектеріне сәйкес, башқұрт тілі негізгі үш диалектіге бөлінеді. Олар өз ішінде 16 сөйленісті (һөйләш) қамтиды: thumb|center|320px|Башқұрт тілі диалектілерінің картасы
Башқұрт тілі диалектілері мен сөйленістерінің құрылымы Диалект атауы Сөйленістер саны Тән сөйленістері (һөйләштәре) Шығыс диалекті (Көнсығыш диалекты) 6 сөйленіс Әй, Мейәс, Қызыл (башқ. Ҡыҙыл), Асыузы (башқ. Асыуҙы), Арғаяш, Салйоғот Оңтүстік диалекті (Көнъяҡ диалекты) — әдеби тілдің негізі 5 сөйленіс Эйек-Сақмар (башқ. Эйек-Һаҡмар), Дим, Өршәк, Орта (башқ. Урта), Жегән (башқ. Егән) Солтүстік-батыс диалекті (Төнъяҡ-көнбайыш диалекты) 5 сөйленіс Қаризел (башқ. Ҡариҙел), Орта Урал (башқ. Урта Урал), Ғәйнә, Танып, Төменгі Ағизел-Ыҡ (башқ. Түбәнге Ағиҙел-Ыҡ)
Тағы қараңыз Башқұртша Уикипедия
Санат:Алфавит бойынша тілдер мен диалекттер Санат:Қыпшақ-бұлғар тілдері Санат:Түркі тілдері Санат:Қыпшақ тілдері Санат:Ресей тілдері Санат:Башқұртстан