«ФИФА жыл ойыншысы» (, ) — 2009 жылға дейін үздік ер және әйел футболшыға сыйға тартылған жылма-жылдық футбол марапаттамасы. Үздік ойыншының таңдауы әлем Ұлттық футбол құрама командаларының бас бапкерлері мен капитандарының дауыс беру тәсілі арқылы өткізіледі. Әр бапкер бес, үш және бір ұпайдан тұратын үш дауыс алады. Ең көп ұпай санын жинағандар жеңімпаз болады. Жеңімпаз «ФИФА гауһар добымен» марапатталатын.Футболшылардың ең жақсы достары — гауһарлар.

Бірінші марапаттама 1991 жылы сыйға тартылған. 2001 жылдан бастап ФИФА үздік әйел футболшыны марапаттай бастады. 170px|thumb|right|Зинедин Зидан үздік үштікке жалпы кіру саны бойынша алда тұр (6 рет) thumb|right|upright|Роналдо, 1997 және 2002 жылдардағы тұңғыш екі рет қатар марапатталған футболшы thumb|right|upright|Криштиану Роналду, 2008 марапатталды thumb|right|upright|Лионель Месси 2009 жылғы соңғы марапаттама иегері

Роналдо — 1996 жылы осы марапаттаманы жиырма жасында алған әлемдегі ең жас ойыншы. Сонымен қатар Роналдо бұл марапаттаманы екі рет қатар алған бірінші футболшы болып атанды. Роналдо және Зинедин Зидан марапаттаманы үш рет алған. Үздік үштікке жалпы кіру саны бойынша Зидан алда тұр (6 рет).

Доптардың толық жинағын (алтын, күміс және қола) тек үш футболшы жинай алды: Роналдо (алтын — 1996, 1997 және 2002, күміс — 1998, қола — 2003), Зидан (алтын — 1998, 2000, 2003, күміс — 2006, қола — 1997, 2002) және Криштиану Роналду (алтын — 2008, күміс — 2009, қола — 2007).

Марапаттаманың соңғы иегері  — испан клубы «Барселона» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси.

2010 жылдан бастап «ФИФА жыл ойыншысы» және «Алтын доп» (француз «France Football» газетімен берілетін марапаттама) атақтары «ФИФА Алтын добы» деп аталатын бір марапаттамаға бірікті. Жаңа сый журналшы, құрама командалардың бас бапкері және команда капитанынан тұратын қазылар алқасының арасындағы дауыс беру арқылы тағайындалады.«Алтын доп» және «ФИФА жыл ойыншысы» бір марапаттамаға бірікті

+ «Жыл ойыншысы» марапаттаманың иегерлері Жыл 1 орын 2 орын 3 орын 1991 Лотар Маттеус Жан-Пьер Папен Гари Линекер 1992 Марко ван Бастен Христо Стоичков Томас Хесслер 1993 Роберто Баджо Ромарио Деннис Бергкамп 1994 Ромарио Христо Стоичков Роберто Баджо 1995 Джордж Веа Паоло Мальдини Юрген Клинсманн 1996 Роналдо Джордж Веа Алан Ширер 1997 Роналдо (2) Роберто Карлос Деннис Бергкамп Зинедин Зидан 1998 Зинедин Зидан Роналдо Давор Шукер 1999 Ривалдо Дэвид Бекхэм Габриэль Батистута 2000 Зинедин Зидан (2) Луиш Фигу Ривалдо 2001 Луиш Фигу Дэвид Бекхэм Рауль Гонсалес 2002 Роналдо (3) Оливер Кан Зинедин Зидан 2003 Зинедин Зидан (3) Тьерри Анри Роналдо 2004 Андрей Шевченко Тьерри Анри Роналдиньо 2005 Роналдиньо (2) Фрэнк Лэмпард Самюэль Это’о 2006 Фабио Каннаваро Зинедин Зидан Роналдиньо 2007 Кака Лионель Месси Криштиану Роналду 2008 Криштиану Роналду Лионель Месси Фернандо Торрес 2009 Лионель Месси Криштиану Роналду Хави

Тағы қараңыз Алтын доп (France Football) Алтын бутсы ФИФА Алтын добы

Дереккөздер

Санат:Футбол кубоктары