нобай
Шардара — Түркістан облысындағы қала (1968 жылдан), Шардара ауданының орталығы.
Географиялық орны Облыс ортасы – Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 279 км-дей жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Шардара бөгенінің солтүстік жағасында орналасқан. Қаланың аумағы 21,24 мың км2.
Халқы 25 579 мың адам (2003); 30 922 мың адам (2013); 29 269 мың адам. Гендерлік құрамы: әйелдер (14 040), еркектер (15 229) (2020)
+ 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындысы (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен30573 31431 102,8 15188 16133 106,2 15385 15298 99,4
Тарихы «Шардара» – көне парсы тілінен аударғанда «Төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасырда егіншілігі, қолөнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала-қамал болған: Бірінші Ақтөбе, Екінші Ақтөбе, Жаушықұмтөбе. 1959-68 жылдары "Сырдария" кенті аталып келді. Қала Мелдеби, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады.
Кәсіпорындары
Шардарада «Шардара су электр станциясы» ААҚ, «Шардара мақта» АҚ, «Қазақстан мақтасы» корпорациясының филиалы, «Мырзакент» АҚ, «Шардаранан» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты, «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, «Талапты» ӨК, «Шардарабалық», орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, «Автосервис» орталығы, асфальт зауыты, т. б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде.
Инфрақұрылымы
Шардарада орталығы емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасысы жұмыс істейді. Білім беру, мәдениет саласы бойынша кәсіптік-техникалық мектеп, жалпы білім беретін, музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталығы кітапхана, «Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар» мемориалдық ескерткіші бар. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Түркістан облысы қалалары Санат:Шардара ауданы елді мекендері