Мәженов Ахметжан (1901-1983)ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.- бірінші бесжылдық кезіндегі тұңғыш Социалистік Еңбек Ері (1920-1932), социалистік құрылысқа белсене қатысқан байырғы жұмысшы. 1901 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Жарма ауданы 8-ауылда туған.
Еңбек жолы 1921-1927 жылдары - Риддер руднигінде қара жұмысшы. 1927-1930 жылдары - Түркістан-Сібір темір жолының құрылысшысы. 1930-1956 жылдары - теміржолшы болып істеді. 1936 жылы Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылық мектепті бітрген. 1938 жылдан КОКП мүшесі болды.
Жетістігі Темір жол құрылысында екпінді еңбек жолындағы қозғалысты басқарушылардың бірі болды. Ол күніне 3 км жол төсеудің орнына 3,5 км жол төсеп, рекордтық жетістікке ие болған.
Наградалары 1931 жылы Орта Азия мен Сібірді жалғастырған Түрксіб құрылысындағы үздік еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Социалистік Еңбек Ері (1920-1932)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Жарма ауданында туғандар Санат:Қазақстан теміржолшылары